14 маусым -Дүниежүзілік Донорлар күні 2025 жылғы 11 маусымда Облыстық қан орталығында Донор күніне арналған “Қан тапсырып, үміт сыйлаңыз! “ атты арнайы іс-шара өтті. Бұл игі бастамаға жүздеген тұрғын қатысып, өз еркімен қан тапсыру арқылы адам өмірін құтқаруға үлес қосты.
Іс-шараның мақсаты — қоғамда донорлық мәдениетті қалыптастыру, адамдардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын және қайырымдылықты насихаттау болды. Облыстық қан орталығының мамандары келушілерге қан тапсырудың пайдасы мен маңызы туралы түсіндіріп, ақпараттық парақшалар таратты.
Сонымен қатар, акция барысында донорларға тәтті-дәмділер ұсынылып, естелік сыйлықтар табысталды.
– Әрбір донор — бір адамның өмірін құтқарушы.
Шара барысында алғаш рет донор болған жастар да көп болды. Олар бұл әрекеттің қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін түсініп, болашақта да қатысуға ниетті екенін білдірді.
Барша донорларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Сіздер — нағыз өмір сыйлаушысыздар! ❤️





