14 маусым – Дүниежүзілік донорлар күніне* орай Алматы облысының жастары игі бастамаға атсалысты!
📍 Қарасай ауданында өткен *«Жақсылық жаса – донор бол»* атты акция аясында жастар қан тапсырып, өзгеге *өмір сыйлауға үлес қосты.*
🚑 Қан тапсыру – бұл жай ғана медициналық рәсім емес, бұл – *мейірімділік пен адамгершіліктің жарқын белгісі.*
🧬 Донор болу арқылы олар ауыр науқас жандар мен жарақат алған пациенттерге үміт сыйлады.
✨ Акцияға 50-ден астам жас қатысып, олардың тең жартысы алғаш рет *ерікті донор* атанды.
🎁 Қатысушыларға арнайы алғыс сыйлықтары табысталды.





