19 маусым күні Алматы облысында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев денсаулық сақтау саласының мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, үздік қызметкерлерді марапаттады.
Облыстық қан орталығының қызметкері Айнұр Молжанқызы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» наградалық белгісімен марапатталды. Сонымен қатар, орталық директоры Азамат Заиров ұжым қызметкерлеріне Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарын табыстады.
Іс-шара барысында медицина саласы мамандарының адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және халық денсаулығын сақтауға қосқан үлесі ерекше аталып өтті. Марапаттар медицина қызметкерлеріне деген құрмет пен сенімнің белгісі екені айтылды.
Сондай-ақ әріптестерге зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбекте табыс пен жаңа жетістіктер тілегі білдірілді.





