12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күніне орай Алматы облыстық қан орталығының ұжымы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Мерекелік іс-шара барысында мейіргерлерге алғыс білдіріліп, олардың қан қызметін дамытуға қосқан еңбегі ерекше аталып өтті.
Мейіргер мамандығы – үлкен жауапкершілік пен мейірімділікті талап ететін абыройлы мамандық. Медицина қызметкерлерінің күнделікті еңбегінің арқасында донорлар мен пациенттерге сапалы көмек көрсетіледі.
Барша мейіргерлерге зор денсаулық, отбасылық амандық, бақыт пен еңбектеріне табыс тілейміз!





